Ел шапқыншылыққа ұшырады. * Бытыраған қазақтың сақ етіп санына, кірш етіп кеудесіне тимеген сойыл мен қанжар қалып па еді. Ел шетіне жау тигенде жаудан бетер өзін- өзі қабады. С.См. ~ Иә, сол адуынды қара кемпір еді ғой, бұл он алтыға жеткенде, Қожының кәрі кертөбелін алдына тартып: «Қарағым, ел шетіне жау тиді, найза ұстар ер–азамат
атқа қонып жатқанда Қожы баласының шешесінің жанында отырғаны келіспес, әкеңнің атын жоқтатпай нағашыңның аулына бар», – деген. І.Ес. ~ «Бітімгерлік, пәтуашылдық» дегенді жыр ғып айтамыз. Сол киелі ұғымды қызғыштай қорғап, ел шетіне жау келгенде қолына қару алып ұрысқа кірген жауынгерді естен шығара береміз. Д.Дос. ~ Зауық–нәпсіні күйттеп, сауық–сайраннан басқада ісі болмапты. «Ел шетіне жау келіп, малыңызды шауып әкетті, ер–азаматты қырып–жойып кетті», – деп шағынып барғандардың басын алыпты. М.Әбд.
