Ел тыныштықтан айрылды, бұзылды, берекесі кетті. * Ой, кер заман, кер заман! Талан-тараж қан жылау. Қабақ қату, қансырау. Азаматы жабылу, Малы күнде сабылу. Ұлып жатыр ұлы жүз, Қырғын тауып аштықтан, Ел еңіреп егілу, Ел іргесі сөгілу. Кіші жүзі тұншығып, Елін әскер жеміру. Ж.Айм. * Ұлтты ыдырататын, ел іргесін сөгетін кеселдің ең ірісі-жат діндерді тарату мен діндер арасындағы алауыздық … С.Дос. * Онсыз да ел іргесі сөгілер, ер ұйқысы бөлінер қастықты тек ағайын мен жақыннан ғана көріп қоймай, анау дұшпан, жаттан тауып жатқанымыз да аз емес. С.См. * Ел іргесі сөгіліп, тыныштық кете бастаған аласапыран күндерден алаңдаған қос қария жасы кіші болса да өздері асқар таудай көретін Әліптен ақыл сұрай келіп еді. Ж.Шәк.
