Елге әмірін жүргізу туралы. ~ Не де болса, Өсеке тұқымын бүйтіп басқа секіртіп қоя алмайды. Ендеше, бір қанды оқиғаға бел бумай болмайды. Ол үшін тек ел үстіндегі игі жақсылардың аузын алу аз. Жалпақ жұрттың өзі сенің жағыңа шығуы керек. Ә.Кек. * Мұз үстінде жүйткіген қызыл судай ел үстінде көбік бұрқыратқан талай мықтыларды мықшыңдатқан да сенің әкең. С.См. * Ол білетін қазақта не көп – сұлтан көп, би көп, батыр кәп, – әйтеуір ел үстіндегі ұлық көп. Ә.Кек.
Елдің есебінен күн көру. ~ Осы парықсыздықтың есесі Битабарға бір-ақ жерде ғана қайтады. Ел аралап, той тойлап ала жаздай үйіне бір соқпайтын балуан «малым бар еді-ау, жаным бар еді-ау» ─ деп көрген емес. Мал қамы, жан қамы ел үстінде. Битабар осындай сауық-сайранмен жүріп, отыз бес жастың беліне шықты. С.Шайм. ~ . Хан үстіне пышағың мен қамшыңды тастамай кірсең – қатарда жүргенің. Хан ауылына артыңа тазы ертіп, нөкер ертіп кіре алсаң – ел қатарлы емес, ел
үстіндегі қадірлі азамат болғаның. Ә.Кек. ~ Олар әуелден ел үстінде күн көріп, әдіс алып қалған санаттағы салауатты аталардың балаларындай емес, ел арасына сыбыс жүгіртіп, іргеден тың-тыңдап жату дегенді білмейді, «Қайда қылыш, қайда найза?!» – деп жалаңдап шыға келеді. Ә.Кек.
