Posted in

ЕЛ ҮСТІНЕН КҮН КӨРДІ (НЕСІБЕ ЖЕДІ)

Жұрттың ақысын жеді; арамдықпен күн көрді. * Қайыр сұрап, салмақ салып, ел үстінен күн көріп жүретін бейшара да жан емес, бір киері қай уақытта да бүп-бүтін, тап- таза, көңілі тоқ, ниеті ақ, күпіршілігінен шүкіршілігі мол адам еді ол. Д.Әш. * Мінайдар (күліп). Бәрекелді. Әкім қара деген абзалы ел үстінен күн көреді екен ғой. Бәрің бірдей әкім болсаңдар кімнің үстінен күн көресіңдер… (Байсалданып.) Т.Ахт. ~ Д а р а қ . Пах – пах, радиодан сөйлейтін нағыз мықтың біздің Абақ қой!.. Ж а р а қ . Әрине! Бекерге ел үстінен күн көріп жүр деймісің! Қ.Ысқ. ~ Жауапты Рәш қайырды: – Болыс үйде отыра ма? Кетті тағы да Қаракөл жаққа. Зейнел– Нәби: – Ел үстінен несібе теріп жейді– дағы сабаз! – деп басын кекжитті. Т.Әл.