Елдің дені, көпшілігі, бас көтерерлері. * Ойбай-ау, ел ұлтаны олар емес пе? Қай заманда да көп көптігін істеген. Осы жолы бұлар бізді көп бидай ішіндегі жалғыз арпадай тұншықтырып, дегеніне жетпек. Жо-жоқ, қалқам, күлме… Ә.Нұрп. * Айтарым, Көптiлеумен шәлкем-шалыс келе берме. Ел ұлтаны — оның туыстары. Жаңғыз өзiң қиқылдағанмен‚ ештеңе де өндiре алмайсың. Б.Алд. ~ Тағы бір байқағаны: отряд командирі халықтан көрі қолындағы күшке сенеді.Оған салсаң: халық өз алдына, қарулы күш әз алдына. Ел ұлтаны қазақ… Мал бақкан момын халық болса да, баяғы арғы заманда батырлары көп бопты. Ә.Нұрп.
