Жарап, бабында тұрған ат туралы. ~ Бұл уақытта Шәлтік те елең етіп бұрышқа қарап еді. Мойны қашықтан шығып, тер басып келген емендей қатқан сұлу тор жорға ат сумаң етіп шыға келді. М.Әу. ~ Қайыс түгенді көнбіс көлік аттары үйездеп, шыбындап, елең ете қойған жоқ. Тек қана емендей қатқан ақбоз айғыр қос құлағын қайшылай тықыршып алдыңғы аяғымен жер тарпып, иесін көргенде арқырап кісінеп жіберді. С.См.
Мықты, шыдамды, берік. ~ Емендей қатып, майыспай, сірескен Жасаған да бір кезде, төмен қарай оқыс сілкіп қалды. Жұрт шу етіп түрегелді. С.Жүн. ~ Бұл ауылға келгелі де сол мінезінен аумаған. Әрі аш, әрі үнсіз, тас түйін боп, қатып қалған емендей. Тек көк долысы, ызасы буып қойған күйде. М.Әу. ~ Аралбай ызалана сөйледі: ─ «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені» дейін десем, ерлігіңді көрген жоқпын, «Емен ағаштың иілгені – сынғаны» дейін десем, емендей қаттылығыңды көрген жоқпын, Жәуке! Неге осынша шіренесің?. .
