Ынтықты, құмар болды. ~ Жұрт қатарлы аты жоқ, өзі қатарлы жігіттер жылбуыр ат мініп,
көкбар тартып, жерден күміс алып, жарысып, аударысып ауыл қыдырып, сайран салып
жүргенде, Қартқожа торы байталымен шаба алмайды, көсіліп бойын жаза алмайды. Ойын-
сауыққа белсеніп кірісе алмайды. «Әй, бір жақсы ат-ай!» деп емешесі құриды. Жақсы ат
болса, қатардан қалыспастай көреді. Ж.Айм. ~ Бұрыққалтердің сипрі елді біріктіргеннен
кейін 1870- інші жылы Пырансие ежелден емешесін құртқан арманына жетуге адам салды.
Ж.Айм. ~ «О, кәәзап! Көзіндегі ақ шайтанын өлтірер ме еді. Адамды көзімен ішіп-жеп
емешесін құртады»,— деді ол тағы да күйініп. М.Сүн. ~ Бәкизат өзі ұнатқан еркекті
емешесін үзілтіп ынтықтыра түсу үшін де әдейі өститін… Ә.Нұрп.
