Әлдебір дыбыс естілер-естілмес болып құлағына талып жетті. ~ Маңай өліп қалғандай тым- тырыс, анда- санда жиекке соғылған судың сыбдыры ғана құлаққа еміс естіледі. Ж.Айм. ~ Сол жағынан еміс-еміс бір дыбыс естіледі. Құлағын түріп келеді. Жүрген сайын — дыбыс анығырақ. Ж.Айм. ~ Кідірмей тас біткен құлақ ашылып, теңіз үстінің дыбысы еміс-еміс естіле бастап еді… Ә.Нұрп. 2. Әлдебір әңгімені құлағы шалды, анық-қанығын білмеді. ~ Бірінші дүние-жүзілік соғыс басталысымен елге қайтқан Тоқаш Верныйға келіп, переселендер Басқармасында тілмәштік қызмет атқара жүре «астыртын ұйымдармен байланысқан» деп еміс-еміс еститін. Б.Тоғ.
