Posted in

ЕНЕСІ ТЕПКЕН ҚҰЛЫННЫҢ ЕТІ АУЫРМАЙДЫ

Жақын адамның қолы батпайды д.м. * Обал болса, өзінің туысы ғой. Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды деп… Ертең–ақ ұмытып кетеді. Т.Әбд. * Сабасаңыз, жауырынымызды тосамыз. «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды». Аупартком бюросында таяқ жегеннен гөрі, қайта сіздің сабап алғаныңыз жақсы, — деп отырғандарды тағы бір күлдіріп алды. Қ.Жұм. * «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» емес пе, Мұха! – деп ыңылдады Шой. З.Қаб.