Талғажу етерлік, көңілге жұбаныш боларлық д.м. ~ Сіздерде сойыс, сауын жағы қалай? Ауыр еңбек үстінде азық– түліктен қысылып қалмайсыңдар ма?—деді оның бетіне барлай қарап. Бөке күмілжіп қалды. – Жұрттың ене көкірек айран– шалабы бар ғой. Бірдеме қып күн көрер… Қ.Жұм. ~ …кеудесі бүлк-бүлк соғып жатқан ұлпа жер, жап-жасыл тіршілік үшін ене көкірек болған сарқылмас уыз, қанаты талғандардың темір тегеурініне биялай жонын төсеген бұйра мамықты төбелер – енді бәрі де, бәрі-бәрі де мүлдемге суық, сыз, жат. Ж.Шәк. ~ Әжей айналасындағы қазағы да орыстардың көмекейін суырып алардай судыртады. Қазақша жауап алайын десе, арқасын бит талағандай құнжың етіп, екі иығын қомдай қоятын. Әйтеуір ене көкірек қып, ежіктеп болса да, көңілін аулап ермек ететін кісі осы сары кемпір еді. Т.Рыск.
- Жүректен шыққан, көкейкесті сезім туралы. ~ Мақтаудың өрті лаулай түсті. Ол өз тағдырын осы жолы анық көргендей, көзіне жасырын жас алды. Әлдеқандай ене көкірек ессіз сезімнің күшімен, Айсұлуға үңіле қарап, қысырақ қиялдың жетегінде кетті… оның көз жанарынан бір нәрсені ішке түйгені көрініп тұрды. Т.Рыск. ~ Қасіретті көргеннен гөрі ұққан ауыр. Соны ұқтырар қапалы жүректің запыран гөй– гөйінен төгілген шерменде ене көкіректің тыншымас зары болса, қара тас жүрек те кәдімгідей қобалжып, әлем тапырық күйге енеді екен. Қалданнан күй қашыпты. С.См
