Әке-шешесінен қалған дүние-мүлкі ортақ, тұрмыс-тірлігі бір. ~ Мен ол ауылмен оншалықты аралас емес едім. Сөйтсе де білгенімді айтайын. Ол қыздың екі ағасының еншісі бір болса да, үлкен ағасының бөлек отауы бар. Қыз кіші ағасының қолында. Шәк. * Әзір еншілері бір, бәрі үлкен ағаның ауқымына қарап, ұйысып тіршілік етеді. О.Сәрс. ~ Ал қазір мына жағдайда қызды жетім лақтай әркімге телміртіп қоя алмаймын ғой. Мен де оның жауы емеспін, жақынымын, Әлібектің бірге тұратын, еншісі бір інісімін. Келіншегін шешесінің қарауына апарып беремін. Ана жылғы өзің құсап үйде отырар. Оның не айыбы бар,— деді Әділбек. Х.Ес.
