Билеп-төстеді, емін-еркін иелік етіп, бостан ғұмыр кешті. * Жатар еді ен жайлап, Ойда, тауда, далада, Ен жайлауды ел жайлап, Сұғынғандай шалғынға. І.Жанс. ~ Кiм ен жайлаған еркiн өмiрiн там сағалаған тақ–тұқ тiрлiкке оңайшылықпен айырбастай қойсын, «мал ашуы – жан ашуы» деп ширығып, тәуекелге бас тiгiп жатқандар да баршылық. Т.Сәу.
