Posted in

ЕП ПЕ

Жараса ма д.м. ~ Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Абай. ~ Кез келді інісімен жекпе-жекке, Ұрыспай қарап тұру оларға еп пе. Екісі Қайсар менен ұрысқанда, Қалқандай тас ұшады аспан-көкке. “Зарқұм”. ~ «Қараған көз, сөйлеген сөз — бәрі күнә, Қожаға өлең айту — сізлерге еп пе?!» — деп, Ұмсын қыздың «Заман қожаға айтқанындай, басы жұмыр, түсі жалпақ» — пенде болып жаралған соң, күнәдан құтыла алмай жатқаным ғой! БС. “Жан ғаламы”.