Жақтырмады; менсінбеді; көңілі толмағанын білдірді.
~ «Оқиды!» деді ол қарқылдаудың орнына ернін шүйіріп,– не керек оқу, оған! Ол кім болады, оқып? Төре болмақ па? С.Мұқ. ~ Буы бұрқыраған бір асам ыстық қамырды Назира апай үпілеп, аузына салып жіберді де, табан астында ернін шүйіріп, мұрнын тыржитты. — Жұлдызым-ау, тұзын көп салыпсың ғой!.. Су әкел, су… Т.Берд. ~ Бір ауданның саудасын басқарған шоң желке әкесінің буы ма, бұл ақ сары қыз ернін шүйіріңкіреп жүреді. М.Қаб.
