Posted in

ЕРНІ ЖІБІМЕДІ

Бала сүймеді, көңілі орнықпады. ~ Мен әйел алсам байлығым тасыды деп алған жоқпын. Бәйбішеден бала болмады, бұл дүниеден ернім жібімей кете ме деп қорқып едім, құдайға шүкір, құдай тілегімді берді. Б.Қыд. ~ Дастархан басы шат күлкі, ду-ду әңгімеге толып жүре берді. «Балалы үй базар» дегенді де дәу де болса, Ізбас құсаған, ерні жібімеген бір қасқа айтқан шығар?! С.Досж. ~ Ал өзі қалап кірген партиядан шығып қалмауы үшін талай таланды ер мүйізгек, термешелі інгендей әйелмен қосақтаулы қалды, бұл дүниеден бала сүймей, еріні жібімей өтті. Б.Қыд.