Posted in

ЕРСІ ҚЫЛЫҚ

Ұнамсыз әдет, оғаш әрекет. * Жігіттер қожа әулетінің қайда ерсі қылықтарын еске алып, даурығыса күлді. Балпанның есітпейтіні жоқ, оған өз жанынан қосып, тірілтіп сөйлейді. З.Шүк. * Ерболдың облыстық газетте тілші боп жүргенде ел ішіндегі ескі салт-сананың кейбір ерсі қылықтарын сынап-мінеуі де осы тілекпен қабысады. Ә.Нұрш. * Жалған, өсек, карта ойыны да, Ерке көз, не ерсі қылық — Біреуі ойын шайқамады, Ешнәрсені байқамады. І.Жанс.