Ертең таң атысымен. ~ Бұлар базардан керектерін алып, әзірленіп болғанша тағы бірнеше күн өтті. Ақыры ертең ертемен, елең-алаңда көп жүргінші өзді-өзі пәтерінен аттанып шыққан болды. М.Әу. ~ Ертең ертемен Вася екеуміз сауыққан жаралыларды майданға жөнелтіп тұратын жерге келдік. Ғ.Мүс. ~ Едіге ертең ертемен қыздарына жеделхат жібермекші болды, ар жағы бір жөні бола жатар… Ш.Айт. ~ Ертең ертемен мына Сүлейменнің арбаларын жеткізіп беріңдер… Әй, түсіндің бе?! С.Жүн.
