Posted in

ЕРТЕ ЖАТЫП, КЕШ ТҰРДЫ

Жалқау адамның тірлігі туралы. * Бұрын оған, ерте жатып, кеш тұратын, уақыттың көбін ұйқы мен салтанатқа жіберетін еріншек ел сияқты көрінуші еді, енді кәзір соған қызғана қарағандай. Қ.Ысқ. * Кеш тұрып, ерте жатып үйренген, таза киініп, тәтті тамақтарды ішіп үйренген Шорман байдың қызы – Зейнеп келін болған күндерінде де сол дағдысын тастамаған. С.Мұқ.