Өз уақытын өткізіп алды. ~ Рахмет, бауырым, бақытты бол! Мен оқымаған адаммын. Ерте туып, кеш қалдым. Оқымаған кісі қай алысқа барады дейсің. Сендер оқысын деп тілеймін, — деп, милиционер екеумізді де құшақтап алып, біраз үндемей жүріп келді. Ғ.Мүс. * Аягөз жағасында болған бар әңгімені қаз қалпында айтып естірткенде сұңғыла бидің аһ ұруы, «қайран елім, қазағым, ертеңгі күйің, күнің не болар екен, ерте туып, кеш қалғаным-ай» деп, көкірегі қарс айрыла күрсініп, көзжасымен жалпақ сақалын жуып, талықсып кетуі тегін емес шығар?! Ғ.Біл. * Кеш қалған ел ішінен ерте туып, Көп мезгіл құлазыған көңілі суып, Еміреніп ұлы орыстың оқуына Талайды зерек Әли жетті қуып. О.Шипин
