Әлдебір іске сайма-сай жауап; орайлас әрекет. * Қамықпаңыз. Ертіске де жетерміз. Алтайға да оралармыз. Еруліге қарулы деген. Бауырда беріш көбейсе, кегі өседі. Сол өзі еселей түссінші. С.См. * «Еруліге қарулы» етіп, Құнанбай жағы да, анау елдердің басты адамдарын кінәлап: «Кісі өлтірді! Ауыл шапты, жер өртеді, буаз қатынның баласын түсірді!» деп, неше алуан ойдан шығарған сұмдық жалаларды жауып жатты. М.Әуез. * Сол үшін жасақ топтап, күшімізді нығайтамыз. Еруліге қарулы дегендей, қандай жағдай болғанда да дайын болғанымыз жөн, –дегенді айтты. Ж.Шәк. * Ондайда еруліге қарулы боп, шалының ырқына жығылмаса, құлағынан маза кетпейтінін білетін әйелі: – Акырын, Ардақты оятасың, – деп, қайтадан үнсіз қалатын. С.Смат. ~ Шектен шыққан жерім жоқ. Тек еруліге – қарулы, сен қылғанға мен қылдым. Күндердің күнінде қазақтан да қара қылды қақ жаратын әділ қазы шығып, ақ-қараны ашар заман болса, кім кінәлі, кімнің кінәсіз болғанына кейінгі ұрпақтың көзі жетер. Ә.Нұрп.
