Аялдап, тыныстады, дем алды, бой жазды. ~ Тағы бір байқағаны, Қылаңхан ұсақ күйбеңге еру болып айналмай, көзіне түскен шаруасын жөнекей жүре тындырып, несиеге қалдырмайтын көрінді … Қ.Ысқ. ~ Ертең қарақалпақ қыстауларын бір-бірлеп сүзіп шығармыз. Сонан соң Жылқаман ағамның артынан жетерміз. Олар Сараман Қосада еру болып, бас-аяғын жинақтайды… З.Шүк. ~ “Новостройкада” екі күн еру болып, үшінші күні жолға қайта шықтым. О.Бөк. ~ Кеш бата жүргіншілер бұлаққа жетіп еру жасады. Ә.Асқ. ~ Жасақтар еру жасап, жау қолында қызметте жүрген кемпір шалды, қора– қора қойды, азық– түлік артқан түйелерді жеткізді. С.См. ~ Әбілқайыр сол күні көшті еру қылды. Тіздеулі түйелер тұрғызылып, алысқа айдалмай, ауыл маңына тұсап жіберілісті. Ә.Кек.
