Пайдасыз, мәнсіз, уақыт өткізу үшін ғана керек іс; кім көрінгеннің ермегі. * Бақша салуды еріккеннің ермегі сияқты көретін біздің ауыл үшін Шымырбай шалдың қауын- қарбызы анда- санда барып, жеп қайтып тұратын таңсық нәрсе ғана болатын. С.Мұр. * Ең болмаса, ат сабылтып, әдейілеп келсеңіз де бір сәрі еді, мұныңыз еріккеннің ермегі сияқты күлдібадам бірдеңе болды-ау, – деген үй иесі мәсісінің қонышын кезек-кезек тартқылай түсіп. Қ.Най. * Еліріп, есіргендердің өзін шақыртып алып, енді керексіз еткендеріне назааланып, еріккеннің ермегіне айналған дәрменсіз халіне налып, жымын білдірмей кетіп қалғысы да келді. С.Жүн.
