Posted in

ЕР ҚАРА

Қайрат-қажыры толысқан, еңбекке бейім ер азамат. ~ Ол ел қатарында ербеңдеп жүрген ер қара да емес, басқалардан қара үзіп, үздік шыққан ересен ер де емес. Аспанға да өрлеп шықпаған, жерде қалып қоймаған, жедеғабыл қиын іске келгенде жанын аямайтын, қорқып кейін шегінбейтін жауынгер. С.Ом. ~ … ақыл қосып, ақтарыла сөйлесер екі- үш үзеңгілесі ере келіп еді. Жомарттың шақыртуымен тағы да оншақты білікті, білекті ер қара және қосылған. С.См. ~ Осы кеше ғана әлекедей жаланған ер қара азамат еді, енді арып-ашып, аруаққа айналған түрі осы. В.Расп.