Posted in

ЕСЕГЕ ҚОЛЫ ЖЕТТІ

Өзіне тиесілі үлеске қол жеткізді, еңбегінің ақысын алды. * Күләш. Апам әлгі сөзге ашуланып: «Тоқалды өтірік бейшара қылғаныңды қойшы осы. Тоқал бұрынғы тоқал ма? Осы күнде сен ауған соң, есеге қолы жетіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып отырғанын кім білмей отыр? М.Әу. * Сол Лиан: «сен Романский тұқымы үш жүз жылдан бері тақтан таймаған патша болып келесің. Біздің есеге қолымыз әлі бір жетпейді. Бізде бірталай жұрт едік қой. Құдайға қарасаң, жұрт тынышталсын десең, елді қақ жарып, патшалықты бөліп алайық. І.Жанс.