Posted in

ЕСЕП АЙЫРДЫ

Тапқан табысын, ақысын төледі. ~ Бірақ сонда да табатыны кейде күніне он бес, кейде жиырма-ақ тиын. Оны да жұмасына бір рет есеп айырарда, жаңағы Отарбай мен Қасен болып қолдарына шоттарын ұстап отырып, “жарым тиын грош шық”, “шет копейкаға кір” деп шоттарын сатырлатып отырып, қағыстырып жегісі келеді. М.Әу. ~ Сондай бір есеп айырған күні: – “Аш иттің артын сұқ ит жалайды” деп, менің қан кешіп, жын құшып жүріп тапқан жаман-жәутік тиыныма да сұқтарыңды қадапсың. Сендердің-ақ дегендерің болсын. Бірақ осы табан ақы, маңдай терімнен жегендерің желкеңнен шықсын деп, айтқандарына көне бердім, – дейді. М.Әу.

  1. Есептесті; кеткен кегін қайтарды. ~ Арасанбай! – деген Түнғатардың үні жарықшақтанып қатқылдау жетті. – Сен де анадан тудың емес пе? Тап қазір есеп айырып жататын шақ емес. Ә.Тар.