Posted in

ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕДІ

Біреуге ақысын жегізбеді; өз мүддесін сақтап қалды. ~ Көпшілігі арақ араластырған сары қымызға лықия тойып
ап, шеке тамырлары білеудей боп жапанды жалпағынан басып, гу-гу етеді. Орыс офицерлері де есесін жібермеген тәрізді. І.Ес. * Бойы Сұлтанмұраттан сол аласа болғанмен, ешкімнен еңсесін жықпайды, ешкімге есесін жібермейді. Күші атан түйедей. Ш.Айт. * Жұрт көзіне таудай көрінетін арлы, намысты, ел қамын ойлайтындай, ешкімге есесін жібермей, еңсесін түсірмей жүрген ер-азаматтар ауылда баршылық екен. Ж.Аязб. * Соған бола ағалы-інілі екеуі шекісіп те қалды. Ол үшін Сұлтанмұрат анасынан шапалақ жеді. Бірақ, о да есесін жіберген жоқ. Ш.Айт.