Posted in

ЕСКЕКСІЗ ҚАЙЫҚТАЙ

Еркінен айрылған, тағдырдың айдауымен қалай болса солай кеткен д.м. ~ Екеуін елеусіз қалдырған ел телегейдегі ескексіз
қайықтай қалт-құлт. И.Сап. ~ Ал уақытың ескерусіз, өлшеусіз өтсе ескексіз қалған қайықтай боларсың. Ә.Ысқ. ~ Маңдай
тірер тұйығы жоқ мақпал түн — шексіз мұхиттай, қақпайсыз оттап, еркімнен жайылған қара кер бие мұхитта жүзген ескексіз
қайықтай тербейтін. Қ.Ысқ. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген
«қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың
ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Ә.Ізб.