Бұрын өткен ақыл иелерінен қалған нақыл сөздер, өнегелі тәмсізлдер туралы. * Қыс есесін жаздан алмаса шаруаның ұқыпты болғаны қайда? Бұл әрине сонау ескіден келе жатқан көне нақыл. С.Бақб. * Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Қ.Жұм. * Сәмеке, Бөкей, Уәли тұқымдарынан шыққан аға сұлтандарды Қасым балалары өртеп жіберуге бар. Бұл ескіден келе жатқан ескі егес, ел билігіне таласудан шыққан бақастық. І.Ес. * Рахымы мол Алла тағала ерекше еміреніп бойды да, ойды да аямай бере салған осы бір сырты нұрлы, іші сырлы, бәрімізге бірдей сүйікті ақын жайлы ойлағанда ескіден жеткен бір есті тәмсіл еске түседі. С.Дос.
