Posted in

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН АШТЫ (ТЫРНАДЫ)

Көңілдегі дертті оятты; ұмытыла бастаған қайғыны қозғады. * Қой, Бейсенбай,- деген Тайшықов жас жігітке бұрылып. – Бұрын болса болған шығар. Енді ол райынан қайтты. Ескі жараның аузын тырнаудың не қажеті бар. Б.Қыдырб.

  • Мен үндемедім. Сәлиманың жүрегіндегі ескі жараның аузын тырнағым келмеді. Бірақ Сәлима өз жайын мен сұрамай-ақ баяндай бастады. Ә. Нұрш. * Көкірек түбіндегі әлдебір ескі жараның аузын тырнап алғандай, Бахтияр қа­бағы кілт шытынап, түйілген жұдырығын тістеледі. Т.Сәук. * Шемен боп қатқан шерім ол. Жарайды, қазір ескі жараның аузын қаситын кез емес. Уақыт көтермейді. Т.Ахт.
  • Сол бір тізбек-тізбек ойлардың арасынан бір мұңды елес мезгілсіз жарқ ете қалып, ескі жараның аузын тырнап кетті. Ш.Айт.