Posted in

ЕСКІ ЖЫНЫ ҚОЗДЫ (ҰСТАДЫ)

Ұмытыла бастаған ашу, кек қайта оянды д.м. ~ Бірақ, құлдама қуыстың сай тағанында аты оққа ұшып, жығылып түскен бір әскер қол көтеріп тұра бергенін көргенде ескі жыны қайта қозып шыға келді де тұра ұмтылды. Ғ.Біл. ~ Көнетін шығар… Күдерінің де ескі жыны қайта қозып, Әсет келгелі өлеңдетіп жүр. Қ.Жұм. ~ Сүйтіп жүргенінде тағы біреу келсе, «құданың бұйрығы, пайғамбардың сүндеті» деп Бекболат сөзін бастаса, Дәметкен ынтығып телмірсе, Боқаңның ескі жыны ұстайды да қалады… Б.Май.