Көнеден жеткен әңгіме, тарих, мақал-мәтел т.т. * Әлдекей ескіше бірталай сауаты бар, ескі сөзді көп білетін, «Мың бір түн», «Қырық уәзір», «Тотының тоқсан тарауы», «Алты бармақ», «Қыссасүл анбияларды» жатқа соғатын, шежіре кісі еді. Ж.Айм. * Маусеке, айтыңызшы, дұрыс па осы! — Ескі сөзді Маусымбайдан Ардақ талай әңгімелер есіткен. Қазір соның бірін қайта айтқызып, куә қылғалы отыр. Ғ.Мұст. * Ұшы-қиыры көрінбейтін ұлы сахарамыздағы қазақ ауылдарында шашылып жатқан ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды халыққа осы басылым арқылы жеткізсем деп армандадым. Ол үшін ескі сөзді білетін есті адамдарды ойша сұрыптадым. Қ.Бегм.
