Бұрынғы тірлігіне қайта оралды. ~ Сабау бастыға қайта селтең жүріс жақын болды. Ескі әуенге басты. Жанат Бақыт. ~ Алмас шаншудай қадалған самолет гуілінен секем алып, Мурадянды ақырын бүйірге түртті: ─ Әне, қара! Миссерлер ескі әніне басты… С.Ом. ~ Амандасуға келген алыс-жақын ағайынға бір самауыр шәй бере алмағаннан қиыны жоқ қой. Соны ойладым да, қудай бай, өзі береді дейтін ескі әніме басып, таңертең ертерек тұрдым да, бұзауын тулатып, әйелімнің бұлқынғанына қарамастан жалғыз сиырды ақтардым да тастадым. Т.Әбдір. ~ Гүлзар. Кешіріңіз, мен сізге енді ғана түсіне бастадым. Бірақ, сіздің ертеңгі алтыннан бүгінгі мысты артық көретін де мінезіңіз бар еді, сол ескі әніңізге басып кетпегейсіз. Ә.Әб.
