Көп айтылып, мезі қылған тақырып; уақыты өткен мәселе. ~ Машинасын сөндірген Дерягин қасына келіп бірден ескі әңгімені қозғады. C.Жүн. ~ Алпысты алқымдаған шалдың тоқалы — ақсары әдемі келіншек сыртқа үш жасар баласын құшақтай шығып: — Қайындарым-ау, әуелі дәм татсаңдаршы, мұсылман баласы емессіңдер ме? — деп құрақ ұшты. — Ондай ескі әңгімені қойыңыз, жеңгей! — деп Сұлтанбек оған зекіріп тастады.— Мұсылмандығың өзіңе! Б.Тоғ.
- Көне тарихтан сыр шертетін хикая. ~ Батырдың жерленген жері туралы ел аузында атадан балаға жалғасқан ескі әңгімелер көп. Ж.Шәк. ~ «Сол «Гауһар тасты» кімге арнап айтқанын білесің бе?» деп тағы сұрады. «Жоқ». «Патшайым сұлуға арнап шығарған». Нұрланның ескі әңгімеге құлақ қоятынына көзі жетіп: «Ендеше, балам, тыңда, — деп, мәлімсіз бір жайдың бетін ашып еді. Б.Тоғ.
