Posted in

ЕСТЕН АЙРЫЛДЫ

Әлдебір сезімнің күшімен не істеп, не қойғанын білмей қалды. * Ыстық құшақка жұтылып, ыстық бұлаққа сайманын суарып ақыл естен айрылып айды өткізіпті, күз сүмелегіне ұрынып тоңар ма еді, әкесі: “Қыстауға көшсін, алтын інді баққан байғызға ұқсамай”, – депті. Д.Дос. * Әбдіқалықты тінткендей болды да, менің алқымымнан көтеріп, менің қойны-қоншымды тінтті. Мен аузымнан тілімді шығарып жіберіп дем алмадым. Жан әсерін сездірмедім. Тінтіп болып мені сылқ еткізіп тастай берді. Мен естен айрылдым… І.Жанс.