Адамға ерекше әсер еткен, ұмытылмас сәт, оқиға, сөз, шығарма т.с.с. туралы. * Тіпті танымаса да кезінде гүлдей құлпырған өнер адамы оларға естен кетпес ерекше әсер қалдырып, мен үшін тырысып көрер. Ж.Шамұр. * Естен кетпес елеулі сәттерді бірі фото, бірі телекамералар арқылы қалың елге жеткізіп, тарихта қалдырып жатқан олардың қиын да күрделі еңбегі қай кұрметке де лайық. С.Дос. * Бұл бір тірі жанды тіршіліктен түңілдірген, дұшпанның басына тілемейтін, өмірі естен кетпес, бейнетті күндер еді. Т.Әбд. * Өткiр қиял кейде алға тартса, кейде сонау артта қалған бел- белестерге, шытырман шиыры мол, бiрақ, бұл күнде ескi жұрттай жұтаң тартса да, естен кетпес сыры да, жыры да жетерлiк сұр өмiрдiң батпағына батырып-батырып алады. Р.Райым. * Ж а ң ы л. Содан колхозға көшіп келдік. Қоспан жыл бойы Мінекеңе көмекші шопан боп істеді. Бұ да бір естен кетпейтін уақыт еді. Т.Ахт.
