Posted in

ЕСІГІН ТОЗДЫРДЫ

Әлдебір үйге не мекемеге қайта-қайта бас сұқты. ~ Жасынан қу кедейлік қалмаса да, Үстінен бейнет жүгін алмаса да, Сегізден кісі есігін тоздырғанмен Еңбегі еш уақытта жанбаса да. С.Мұқ. ~ Күн құрғатпай есігін тоздырған Асқардың үйінде Айтотам: -Әй, Зейнолла, мыналардың аузы сөзден босамай жатыр, сен оқта-текте жағыңның кірісін ашып, ең болмаса түшпарадан ала отырсаңшы,-деуші еді. Қ.Ысқ. ~ Мен оларды қорғаудан аулақпын. Алашорданың қайраткерлерінің көбісі қуғында, түрмеде, тергеуде жүрді. -Сталинге хат жазып, Голощекиннің есігін тоздырып, бұл нәубетті тоқтатуға күш салғандардың үндерін ешкім естімеді. Е.Айғ. ~ Егер бұл жұмыс үйімен қатынасты болмағанда соңғы екі пунктіне бола қоғамның қаншама өтініштілері жәрдем сұрап бұлардың есігін тоздырар еді… Ч.Дик.