Posted in

ЕСІГІН ҚАҚТЫ

Кіруге ниет білдірді. ~ Кешке қарай бұлардың есігін қаққан тықыл көбейді, өздерінше жігіт болып, үлкен адам болып, қыздарға ылтифат білдіріп, сый-сияпат, естелік-сыйлық әкелушілер молайды… Ә.Тар. * Әулие анаң Айша-Бибінің қасына түнейміз. Мына ауылда түн ішінде кімнің есігін қағып жүреміз, – деді. Ш.Мұрт. * Күндерім менің өтеді толқып, Сен жақтан хабар кешігіп жатса, Қобалжып көңілім, кетемін қорқып, Мезгілсіз біреу есігім қақса. С.Жиен.