Posted in

ЕСІКТЕН КІРІП ТӨР МЕНІКІ ДЕЙДІ

Баса-көктеп, киіп-жарып, өзіне лайық емес дәрежеге таласу туралы. ~ Өкінішті-ақ, Бельгерлер некен-саяқ. Есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер көп. Ш.Мұр. ~ Басқа дүниені тәрк етіп, Алматыдан бір-ақ шықты.Қызметке қабылданды. «Есіктен кіріп төр менікі» деуші ме еді, аға әдеби қызметкер. Ш.Күм. ~ Одан кейінгі публицистикалық толғаныстарында ұлтаралық қатынастар төңірегіндегі адамның жарым жасын кемітетін опасыз қылықтарды – есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер сықылдыны кінәраттай отырып та, соғыстағыдай жандар жарастығын аңсайды. Х.Ерғ. ~ Орыстар біреумен жауласса, біздің олардың жауымен жауығар жөніміз жоқ. «Есіктен кіріп, төр менікі» дегеннің керін келтіріп, жеріме жағалай бекініс салып, суатты өрісім мен құнарлы қонысымды тартып алып, қаңғытып әкелген «қарашекпенділеріне» берді. К.Сег.