Posted in

ЕСІК КӨРГЕН (КӨРДІ)

Бұрын күйеуде болған әйел туралы. * Ұяты бар біреу кез келсе — құба-құп. Жеңіл-саяқ біреу килігіп, бозбаламен жыртыңдағанын көрсе, одан өлгені артық қой. Соны ойлайды да. «Бесік көргеннен» ойды қуады: «Есік көргенді» салмақтайды. Қайтып келген қатын тегінде жеңіл ойлы, ұятсыз болады деп жаратпайды. Ж.Айм. * Мәлике бұған дейін есік көрген әйел-ді. Күйеуі Алматының кішігірім бір ресторанына барабанда ойнайтын. Д.Исаб. * «Күні ертең Елтайдың жүрген-тұрған ортасымен араласамын, сонда қайтемін!?» — деген сұрақ соңғы кезде жас келіншектің, дұрысын айтқанда, есік көрді демесе әлі сол бұрынғы жас қыз Қарашаштың жанын жегідей жейтін М.Қаб. * Зорлықпен алып қашып, үйге енгізіп, басыма орамал салғанда, соның бәрін сыпырып тастап, қайта кетіп қалуыма да болатын еді. Оған ерік- жігерім де, қайратым да жететін. Мейлі, соңымнан сөз еріп, “есік көрген” деп сыртымнан ғайбаттай берсін. Қалың қазақ не демейді, кейін бәрі ұмытылар еді. Ә.Асқ.