Жылқы (не басқа малдың, жануардың) тұрқының ірілігі туралы. ~ Жалмұқанның Жайлау деген ұлы жөнінде мына бір жайды айта кеткен жөн. Әкесінің есік пен төрдей атақты бір қара айғыры болады. Оны ол қыста дәйім қасқыр соғуға мінген. І.Жақ. * Есiк пен төрдей ақбоз мiнген белжемдi шой қара аса сөйледi. Шамасы, күшiне сенiп тұр. К.Сег. ~ Жүрісі суыт сияқты. Мінгені – есік пен төрдей жирен ат. Д.Әш. * Біраз жер жүрген соң арыны басылып, бет-аузын түк басқан ызбарлы қара шал мінген есік пен төрдей ұзын шабдармен қатарласа жортады. Ж.Ахм. * Түнімен жортқанда түк ілінбегенін ойлады. Енді күндіз жүрмесе жөргем ілінер емес. Ол орнынан ерініп зорға тұрды. Керілді. Өзінше әдемі-ақ сияқты. Есік пен төрдей болып тұр. Үстінен бит домалап түскендей, жұнттай. Б.Қыд.
- Қашықтық өлшемі ретінде, екі арасы бірер қадам жер. * Екі атты есік пен төрдей жерге келіп қалды. Ж.Айм. ~ Аттарын cap желдіріп, суыт жүріп келе жатқан екі-үш шаналы әлгіндей болмай мені қуып жетіп, есік пен төрдей қалғанда ошарылып тұрып қалды. С.Жүн. ~ Дәл мен тұрған тұста кішкентай төмпешік бар болатын, зулап келген шана әлгі төмпешікке жеткенде есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от жарқ етіп өте шықты. С.Мұр.
