Бар арманы, көксеген ойы. * Сонда да ол тоқтап, тыныс алуды ойлаған жоқ. Есіл-дерті есінен танбай тұрып, елін табу. С.Дос. * Бұны Батыр Баян байқаған жоқ, есіл-дерті жоңғардың тұтқын қызы болды да тұрды. І.Ес. ~ Сән-салтанатқа құмар әйел жоқ жерден ұрыс шығаратын. Бар есіл-дерті байлық пен ақша еді… Ә.Ысқ. * Анатай да ай дидарлы Мырзагүл бикеш дегенде ішкен асын жерге қояды. Есіл-дерті: сұлу қыздың жаңа піскен шиедей қып-қызыл ернінен бір сүю… Ш.Айт.
