Posted in

ЕСІНЕН КЕТПЕДІ

Ұмыта алмады, ойына орала берді. * Аң соңында жүріп Ақан Ұрқиясының екі мінезіне риза боп, бір жағы қатты қайран қалды. Ұрқияның есінен де сол екі оқиға кетпей қойды. С.Жүн. * Осы істің алғаш әлек күнінде Оразбайдан Есентай әкелген кесір, асқақ сәлем Абайдың есінен кеткен емес-ті. М.Әу. * Дәл осы кезде (әлі күнге есінен кетпейді) аза бойды қаза қылып, ауыл жақтан дауыс қылған әйел үні қабат шықпасы бар ма?! Т.Әбд. * Ғазауат әлі де есінен кетпеген, осы сапарға артта қалған ағайынның әу-жәйін байқауға, реті келсе тағы да көтеруге шыққан Қалқай, Уәлі тұқымының өтінішін естігеннен кейін ұзақ ойланған жоқ. С.Мұқ.