Posted in

ЕСІНЕН ШЫҚПАЙДЫ (ШЫҚПАДЫ)

Ешқашан ұмытпайды, әрдайым ойында ұстайды. * Кей адамдарда сондай туған жеріне деген ыстық сезім өмір бойы есінен шықпайды ма, қалай, әсіресе қартайған кезінде соя сезім лапылдап жалын болып жанатын тәрізді. І.Ес. * Өшер емес, сол цифрларда әлдебір жұмбақ дуа бар сияқты, Әзиз­Сұлтан күндіз­түні есінен шықпай тұрып алған. Т.Сәу. * Міне, осы уақыттарда Мақсұттың есінен Қамар бірде бір сәт шықпады. Ж.Ахм.