Posted in

ЕСІН ЖИДЫ (ЖИНАДЫ)

Өз-өзіне келді, ақыл-есі түзелді, жан шақырды. * Мейрамхананың қараңғылау бөлмесінде бейтаныс жігіттің құшағында отырған жерінде есін жиды. А.Үсей. * Әбден жігері құм болып жаутаңдап қалған жаутаң жұртқа Айзада ханымның төлеңгіттері екі бағлан сойып, құдайы тамақ таратып бергенде ғана есін жиса керек. Ж.Аяз. * Қуғыншылар есін жиып, дүрбі салғанда, алыста шаңытқан бозғыл мұнарға сіңіп, жоғалып бара жатты. Т.Шап. * Күйеуінің шын жөнделуге айналғанын көріп, Ханшайым да есін жинай бастады. Көзінде нұр, езуінде күлкі пайда болды. І.Ес. * Біраздан кейін Асқар есін жинады да, арбадан басын көтерді. С.Мұқ. * Маңында ешкімнің жоқ екеніне көзі жетіп, тез есін жинап, үн – түнсіз, таяқтан қорқып, құйрығын қысып алып, маймия қашқан бұралқы ит тәрізді, сыртқа шыға жөнелді. І.Ес. * Көріскеннің кім екенін ол жобалай алмады: жүдеу киімді, қаба сақалды біреу. Есін жинағанмен Сарыбас құлаған орнынан қозғалмады, атылған қасқырдай зілдене қарап, қырынан жатты. С.Мұқ.