Ақылынан адасқандай болды; ақыл-есінен айрылды. * Жатқанын есі кетіп сонда білді, Қасыңда айықсын деп күтіп тұрды.
Шәк. * Ән салған, арақ ішкен, өлеңдеткен, Кейі айың, кейі мас боп, есі кеткен. Шәк. * Өрт боларсың! Деміңнің шарпуы
керім екен! – деп есі кеткен шерік бауырына тарта түседі. — Әңкеңдеме! Тарт қолыңды! С.Смат.
- Мәз болды, ерекше күйге бөленді. * Ей, Сара, қайсының бар оған жетер, Өнерін көрген жанның есі кетер. Адамның
жалғыз басты білімдісі Оны да жамандамас Найман бекер. Біржан-сал. * Тіпті солар қайтып келмесе екен, осының бәрі
менде қалса екен,-деп не айтып, не қойғанын білмей есі кете ыржалақтап күліп айдалаға лағып бара жатты. О.Көш. - Зәресі кетті, қатты қорықты, үрейі ұшты. * Кәрім аштыққа да, шөлге де төзімді еді, бірақ мына бұралаңдаған түтінді
көргенде кенет есі кетіп қалды. Ә.Тар. * Рас. Солай келістік, согласия бар, — деді де, Николай қулана күліп, Ұлжанға кекете
қарады. — Пойнал? — Пойныл-пойныл! – деп Ұлжанның есі кетті. Ә.Тар. * Қаптың тауына келген ел судан тарығып,
құмайтты шөл, шіліңгір ыстыққа шыдамай, қатты қиналып жатқанда, жаудың шабуылына тағы тап болыпты. Есі кеткен ел
қырылып бітейін деген соң, Баркөлге қайта көшеді. Т.Рыск. * Ойбай, көзіне көрінбе! Сені көрсе, жағдай ушығып кетер.
Одан да енді не істейтінімізді екеулеп ақылдасайық.,- деп маңдай терін сылып тастап, жанына жайғасты. Еркетай жеңгесінің
де есі кеткені көрініп тұр. С Досж. ~ Өзі керемет сезімтал. Əркімнің бар жайын қас-қабағынан таниды. Ал Мұхтар десе
болды, есі кетеді. Туған ағасы Қасымбек жоқ еді, оның орнына туған інісі Жебрəйіл болды да қалды. З.Қаб.
