Posted in

ЕСІ КІРЕСІЛІ-ШЫҒАСЫЛЫ (КІРЕСІЛ-ШЫҒАСЫЛ)

Есін бір біліп, бір білмейтін, жарымжан, шала есті жағдай. ~ Екі аралықта есі кіресілі-шығасылы есеңгіреп жүрген қандасымыз қаншама… И.Сап. ~ Бөкенді бір-ақ рет көрдім. Молотовтан келген күні. Есім кіресілі-шығасылы еді. Келе құлағанмын. Ш.Мұр. ~ Ал «Алқақол сұлама» да дәл осы мазмұндас. …Шұбырған қалың елдің есі кіресілі-шығасылы күй кешуі де анық. Ж.Баб. ~ Дәл осы кезде мынау жер иісі шыққан қара түнек иесіз тамның ішінде Асқарға осы бір есі кіресілі–шығасылы жарымжан, бақытсыз бейшара жан өзінің туған баласындай көрінді. Т.Әбд. ~ Жоқ-жітік сансыраған ел, зарлы мұң-нала құлағын шулата ма, қалай?! Есі кіресіл-шығасыл сияқты. Т.Рыс.