Posted in

ЕСІ ШЫҚТЫ

Зәресі ұшты, қатты қорқып, не істерін білмей қалды. ~ Марияның есі шығып кетіп, «қоя бер дейім, ойбай! » — деп қатты айғайлап жіберген соң, Шешенбай бір қолымен Марияның аузын баса қойды. Шәк. ~ Ақырып жіберді де, қамшыдан айрылып пұшайманы шыққан жігіттерге тап берді. Олар құрдан– құр, бет– бетімен есі шыға тырағайлап барады. О.Бөк. ~ Күркіреген дауыстан шошына оянған Төреқан қара барқын қос ішіндегі апалас-төпелестен есі шығып кеткен еді. М.Алм.

Абдырап қалды; не істерін білмеді. * Бұрын ел билеп көрмеген етікші қалай үйретсе де, Әбенге төтеп бере алмай, елді меңгере алмай есі шығып жүр еді. Кешегі пошта тартып алуы да «жаман болысты» басынғандығы ғой. Ж.Айм. ~ Бұрын ылғи сүйсініп жүретін адамына бүгін ол бір түрлі мүсіркей қарады. «Апырай, мына сабаздың тіпті есі шығып кетіпті ғой», – деп ойлады ішінен. Ә.Кек. ~ Ұялғаннан есі шығып, ебі қашқан ауру қызды зейін сала, тықылдата ұрып, қарап шыққан әйгілі доктор, қолын құнттай жуып, қонақ үйде князьбен сөйлесіп тұр. Л.Тол. ~ … тек құштарлығының ғана жетегіне ерген ол, соншалықты толқу үстінде және соншалықты ынтызарлықпен Камиллаға сүйіспеншілік сезімін ағыл-тегіл ақтара бастады: не қыларын білмей есі шыққан Камилла үн-түнсіз орнынан тұрды да, бөлмесіне кетіп қалды. М.Серв.

Қуанып кетті. ~ “Жигулиді” көргенде есі шыққан Сәуле, отырғанша асықты. Отырып алып та ана жерін, мына жерін алақанымен сипалап, асып– тасып болар емес. С.См.

Не істерін білмей, дал болды. ~ Не дейсің? — Айша есі шыққандай боп не дерін білмей, еш нәрсені ұға алмай дал боп қалды. М.Әу. ~ Тәңірберген басқаларға ұқсап жау қуып әкеткен атының соңынан жүгірмеді. Енді не істейміз деп есі шығып, сасқан да жоқ. Ә.Нұр.