Баяғыдан; бала кезінен д.м. * Ес біле есікке жүрдім; ә дегенде, құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ж.Айм. ~ Жәмештің ес біле бастаған күнінен дәл осы күнге шейін үлкен бәйбішенің алдында барлық келіндері именіп, қарсы келмей, құрдай жорғалайтын. М.Әу. ~ Үлкен қыздарын мен туған жылы, одан кейінгі екі қызының бірін мен есімді білмейтін шақта, біреуін мен ес біле ұзатқан. Қалған төрт қыздың ақырғысы, мен мал түлігі боп есейіп қалғанда ұзатылды. С.Мұқ.
