Posted in

ЕС БІЛІП, ЕР ЖЕТТІ

Есейді, ақылы толды. ~ Сол күннен бастап мен ет жемейтін болып кеттім. Ес біліп, ер жеткен күнімнің өзінде де етке зауқым соқпады. Б.Мом. ~ «Шата» дейді– ау. Осы бір қаңқау сөз үшін өзінен ары намыстанып, талай баланың мұрнын дал қылған аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, беті былш етпей өзі айтып тұр. Нендей бір тылсым күш, орнынан тік көтерді де, арсылдап тұрған алып аманжанға қарай атып жіберді. О.Бөк.