Posted in

ЕС ЖИЫП, ЕТЕК (ЕТЕГІН) ЖАПТЫ

Ақылға келді; ұятты ойлады. * … көптен көңілдері тыныш тапқандай болып, бұрынғылары ұмытқа айналғандай есін жиып, етегін жапқандай Омардың да, Қамардың да әлдеқалай бір балбырап, алаңсыз тәтті ұйқыға кіріскен түні бүгін-ақ еді. С.Тор. * Ақылы аз, сұлу келіншекпен сұхбат жасағандай бірдеңе. Иленіп жатып-жатып, апта өткесін ес жинап, етек жапты. М.Қаб. * … кемпір мен шалдың сыңайын таныған қу келін оларды немересімен алдарқатты, ес жиып, етегін жауып, алты жасқа аяқ басқан Қуанышты балдай тілімен, шекердей қылығымен беріп кететінін айтқанда Мәлике сылқ етіп жібіп кетті. Ғ.Біл.

  1. Жағдайы оңалды; бой түзеді. * Созыла келе барлығы естерін жиды, етектерін жапты. Күйзеле жүріп күлдіреуіштерін қайта түзеді. Ғ.Біл. * Шүкір, содан кейінгі арадағы бес жыл із-тұссыз өткен жоқ. Халық ес жинап, етек жапты. Қатары қатты сиреген ер азаматтың орнын кейінгі жас буын келіп бүтіндеді. Қ.Жұм.